Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі ережелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі ережелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті

2023 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстанның Украинадағы Елшілігінде сарапшылық топтар мен Украина Жоғарғы Радасы депутаттарының қатысуымен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі ережелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында Қазақстанның Украинадағы Елшісі Дархан Кәлетаев қатысушыларды Жолдаудың негізгі тұстарымен таныстырып, украиндық сарапшылардың пікірлері  тыңдалды.

Шараға қатысушылар Жолдауда айтылған ұсыныстарды жоғары бағалады. Жоғарғы Раданың халық депутаты Сергей Нагорняк Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанды одан әрі әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңғыртуды әрі қарай жалғастыратынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын одан әрі дамыту үшін осы Жолдаудың өзектілігі атап өтілді.