Ғабдолла Тоқайдың әдеби мұражайында қазақ тілінде экскурсия ұйымдастырылды

Ғабдолла Тоқайдың әдеби мұражайында қазақ тілінде экскурсия ұйымдастырылды

Қазан, 2024 жылғы 24 сәуір – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулдығы Ғабдолла Тоқайдың әдеби мұражайымен бірлесіп, «Ғұбдолла Тоқайдың өмірі мен шығармашылығы» туралы қазақ тілінде экскурсия ұйымдастырды.

Бұл іс-шара Ғабдулла Тоқайдың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіменің жаңа нысандарының бірі ретінде «аудармашысыз экскурсия» жобасы аясында өткізіледі. Көрермендер әр түрлі тілде татар халық ақынының шығармаларын тыңдап, сирек ездесетін құнды музейлік экспонаттар жайында ақпарат ала алады. Жоба жастарды шет тілдері мен мәдениетін үйренуге ынталандыруға арналған.

Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов, Ғабдулла Тоқай мұражайының директоры Гузель Тухватова профессор, ф.ғ.д. Қазан федералды университетінің Филология және мәдениетаралық коммуникация институтының (бұдан әрі-ҚФУ) директоры Альфия Юсупова сөз сөйледі.

Іс-шараға қатысушылар бұл экскурсия шетелде мемлекеттік тілдің беделін арттыру мақсатында алғаш рет өткізіліп отырғанын атап өтті. Жүзеге асырылған жоба қазақстандық-ресейлік қатынастар шеңберінде Қазақстан мен Татарстанның мәдени мұрасына елеулі үлес қосып, қазақ тілін халықаралық деңгейде одан әрі ілгерілетуге ықпал етумен қатар шетелде тұратын отандастардың ана тілі бойынша білімдерін жетілдіру үшін қосымша платформа ретінде қызмет етеді. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.

Экскурсияны ҚФУ Филология және мәдениетаралық коммуникация институты магистратурасының 1 курс студенті Маржан Оқасова өткізді.