Татарстан Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысты

Татарстан Қаныш Сәтбаевтың мерейтойына арналған халықаралық конференция жұмысына қатысты

Қазан, 2024 жылғы 11-12 сәуір – Қазақстан Республикасының Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов Қазақстан-Британ техникалық университетінің (бұдан әрі-ҚБТУ) көмегімен «Энергетикалық көкжиек 2024: декарбонизация, жасыл энергетика, баламалы энергетика, мұнай мен табиғи газдың болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция жұмысына қатысты.

Ғылым күніне және Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 125 жылдығына орайластырылған конференция жас ғалымдар арасында декарбонизацияға, жасыл энергетикаға және мұнай мен табиғи газдың даму перспективаларына қатысты мәселелерді талқылауға арналған алаңға айналды.

ҚБТУ ректоры Мұратбек Ғабдуллин құттықтау сөз сөйлеп, бүгінгі іс-шара белсенді диалог пен ғылыми зерттеулермен алмасуға, жас мамандардың интеллектуалды өсуін қолдауға, зерттеушілер мен сала мамандары арасында байланыс орнатуға арналғанын атап өтті. Университеттің қызметі туралы, атап айтқанда, Роберт Гордон университетімен мұнай инженериясы бойынша PhD докторантура (Қазақстан) және Doctor of Engineering (Ұлыбритания) бойынша екі дипломдық бағдарламаны іске қосу туралы атап өтті. Татарстан жоғары оқу орындарын Дүниежүзілік мұнай Кеңесіне қосылуға шақырды ((бұдан әрі-ДМК).

Өз кезегінде Қазақстанның Қазан қаласындағы Бас консулы Ерлан Ысқақов 12 сәуірде бүкіл ел Ғылым күні мен Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлының мерейтойын атап өтетінін назар аударды.

Бүгінгі конференция Қазақстан мен Татарстанның ғылыми институттарының Қазақстан-Ресей қатынастары аясындағы ынтымақтастығын әртүрлі бағыттарда, соның ішінде мұнай-химия кластерінде, татар әріптестерінің әзірлемелері бар іргелі сипаттағы зерттеулерде кеңейтуге мүмкіндік береді. Көптеген ресейлік компаниялар көмірсутек шығарындыларын азайту бағытын ұстануды жалғастыруда.

Татарстан Республикасы Ғылым Академиясының президенті Рифкат Минниханов Татарстан Ғылым Академиясы мәдени және ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, аймақты дамытудың тұрақты және сонымен бірге әлеуметтік бағдарланған моделін жасауға айтарлықтай үлес қосқанына назар аударды. Республикада декарбонизация бағдарламасын іске асыру, атап айтқанда, өнеркәсіптік кешенді жаңғырту, сутегі энергетикасын және «жасыл» энергетиканың басқа да бағыттарын дамыту, мұнай өндіру мен мұнай өңдеуді жаңғырту, электр көлігін пайдалану, парниктік газдарды сіңіруді ұлғайту бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.

Бұл 2023 жылы Калгари қаласындағы ДМК форумы кезінде ҚБТУ бастамасымен құрылған энергетика саласына мамандар даярлайтын университет хабы құрылғаннан кейінгі алғашқы конференция. ҚБТУ ДМК-нің алғашқы мүшесі болып табылады және бүгінде әлемнің әр түкпірінен университеттерді энергетикалық бағытта біріктіруге тырысады.