Қазақстан Исламофобиямен күресу шаралары туралы БҰҰ қарарына қосылды

Қазақстан Исламофобиямен күресу шаралары туралы БҰҰ қарарына қосылды

Нью-Йорк, 2024 жылғы 15 наурыз – Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы, Ислам ынтымақтастық ұйымына (ИЫҰ) мүше мемлекеттер тобымен ұсынылған Исламофобиямен күресу шаралары атты қарарды қабылдады. Өз кезегінде Қазақстан аталған қарардың бірлескен авторы ретінде қатысты.

Қарардың қабылдануы 2022 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған Халықаралық исламофобиямен күресу күніне (15 наурыз) орай ұйымдастырылды.

Аталмыш қарардың негізгі мақсаты – діни негіздегі кемсітушіліктің барлық түрлерімен, сондай-ақ діни сенімдерге негізделген адам құқықтарын бұзу фактілерімен күресу. Сонымен қатар, қарар мәтінінде Мұсылмандардың қасиетті құндылықтарын қорлауға бағытталған әрекеттерді айыптауға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, бұл қарар БҰҰ Бас хатшысының исламофобиямен күресу жөніндегі Арнайы өкілі лауазымын енгізуді көздеп отыр.

Осы қарарды қабылдау барысында және халықаралық исламофобиямен күресу күніне орайластырылған іс-шара аясында, Қазақстан делегациясы дінаралық келісімнің қазақстандық моделі туралы баяндама жасап, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің конфессияаралық диалог алаңы ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударды.