Нью-Йоркте БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының сессиясы аясында Қазақстандағы әйелдерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған сайд-ивент өтті

Нью-Йоркте БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының сессиясы аясында Қазақстандағы әйелдерді әлеуметтік қорғау мәселелеріне арналған сайд-ивент өтті

Нью-Йорк, 2023 жылғы 14 наурыз – БҰҰ Әйелдер мәртебесі жөніндегі комиссиясының 68-сессиясы аясында Қазақстан Үкіметінің, Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және БҰҰ Әйелдер құрылымының бірлесіп ұйымдастыруымен «Инклюзивтілік пен гендерлік сезімталдықты қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қорғау жүйелерін нығайту және кеңейту» тақырыбындағы қосалқы іс-шара өтті.

Іс-шараға жүзден астам адам – мүше мемлекеттердің делегаттары, БҰҰ-ның, үкіметтік емес ұйымдардың және академиялық топтардың, соның ішінде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты.

«БҰҰ әйелдері» жанындағы «Ұрпақ теңдігі» бастамасының үйлестірушісі Зиад Шейх іс-шарадың басталуында сөз сөйлеп, БҰҰ-ның әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін ілгерілету жөніндегі ағымдағы жұмысы мен бастамалары туралы хабардар етіп, Қазақстанның осы салада қолға алынған шараларды жоғары бағалады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова еңбек нарығындағы кемсітушілікті жоюға, ресурстар мен әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті кеңейтуге баса назар аудара отырып, әйелдердің экономикалық жағдайын жақсарту бойынша шаралармен таныстырды. Бұл бағыттағы маңызды шаралар ретінде Цифрлық отбасы картасының ендіруі және Әлеуметтік кодекстің қабылдануы атап айтылды.

Сондай-ақ іс-шара барысында Қазақстанның Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері мен үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері әйелдердің құқықтарын кеңейтуде азаматтық қоғамның рөлі, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы әйелдердің экономикалық құқықтары мен бостандықтарын ілгерілету туралы баяндамалар жасады.

Баяндамалардан кейін өткізілген интерактивті пікірталас барысында іс-шараға қатысушылар осы мәселелер бойынша сұрақтар қойып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Сағындықова бастаған Қазақстан делегациясы 2024 ж.11-22 наурыз аралығында Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ штаб-пәтерінде өтіп жатқан БҰҰ Әйелдер жағдайы жөніндегі комиссиясының 68-сессиясына қатысып жатқанын атап өтеміз.