Қазақстанның дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелері Суринам визаларынан босатылады

Қазақстанның дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелері Суринам визаларынан босатылады

Нью-Йорк, 2024 жылғы 15 ақпан – Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Ақан Рахметуллин және Суринам Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты Өкілі Сунил Алграм Ситалдин Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Суринам Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Келісім 30 күнтізбелік күнге дейін визасыз кіруді көздейді.

Аталған келісім тараптар арасында дипломатиялық арналар арқылы қажетті мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаларды алғаннан бастап 90 күннен кейін күшіне енеді.

Екі елдің дипломатиялық және қызметтік паспорттар иелерін визалық талаптарынан босату Қазақстан мен Суринам арасындағы екіжақты қатынастарының сапалы дамуына қосымша серпін береді.