Қазақстанның Бас консулы Мекке аймағы полиция департаментінің бастығымен кездесті

Қазақстанның Бас консулы Мекке аймағы полиция департаментінің бастығымен кездесті

Ү.ж. 6 ақпанда Қазақстан Республикасының Жидда қаласындағы Бас консулы Р.Қоспановтың Мекке әл-Мукаррама аймағы Полиция департаментінің Бастығы Генерал-майор Салех Ауад Әл-Жабримен кездесуі өтті.

Бас консул Мекке аймағының Полиция департаментінің басшылығына қажылық кезінде, сондай-ақ Жидда мен Мекке аймағындағы ірі халықаралық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз еткені үшін алғысын білдірді.

Р.Қоспанов атап өткендей, 2023 жылдың қазан айынан бастап қазақстандық «Эйр Астана» және саудтық «Флайнас» әуекомпаниялары Алматы-Жидда-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты әуе қатынасын ашты. Бұл екі жаққа да туристік ағынның артуына ықпал етті.

Умра жасау үшін және қажылық кезеңінде Корольдікке келген қазақстандық қажылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыбы жеке қозғалды.

Осы ретте, елімізден барған қажыларының оқыс оқиғалары мен ұсталуын болдырмау үшін қазақстандық дипломат сұхбаттасушының назарын шетелдік азаматтардың ел аумағында болу ережелері туралы, әсіресе қасиетті орындарға барған кезде хабарлау немесе алдын ала ақпарат беру қажеттігіне аударды.

Кездесудің соңында Р.Қоспанов сауд тарапына жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, Мекке аймағының Полиция департаментімен жұмыс байланысын сақтауға дайын екендігін қуаттады.