Пәкістанның Ұлттық кітапханасында Абайдың «Қара сөздері» және қазақ-урді-ағылшын тілашары таныстырылды

Пәкістанның Ұлттық кітапханасында Абайдың «Қара сөздері» және қазақ-урді-ағылшын тілашары таныстырылды

Исламабад, 2024 жылғы 22 сәуір – Пәкістанның Ұлттық кітапханасында Қазақстан Елшілігі «Diplomatic Insight» Бас директоры Мұхаммед Әсіф Нұрмен бірге Пәкістан провинцияларының 4 ресми тілдері – пушту, пенджаби, синди және белуджи тілдеріне аударылған Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері», сондай-ақ қазақ-урду-ағылшын  тілашарының таныстырылымын ұйымдастырды.

Қазақтың ұлы ойшылының шығарламарын Ұлттық заманауи тілдер Университеті (National University of Modern Languages, NUML) аударды, тілашарды NUML және Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Универистеті бірлесіп әзірледі және басып шығарды.

Кітаптың таныстырылымында Пәкістанның ресми, академиялық орта, сондай-ақ Исламабадта аккредиттелген дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Өзінің сәлемдесу сөзінде Елші Е.Қыстафин Ұлы Абай мұрасының алатын орын мен рөлі, әдебиет дамуына қосқан үлесі, пәлсапалық ойлары туралы айтып, «Қара сөздеріне» ерекше тоқталды.

Қазақстан Елшілігінің басшысы мәдени және тарихи тұрғыдан ортақтығы көп Қазақстан мен Пәкістан халықтары арасында мәдени байланыстарды дамыту маңыздылығын атап өтті.

Бейбітшілік және дипломатиялық зерттеулер институтының президенті, д-р Фархат Әсіф Абайдың «Қара сөздерінің» Пәкістан провинцияларының тілдеріне аударылуы елдеріміз арасындағы тілдік кедергілерді жойған маңызды оқиға екенін атап өтті.

Тегеран қаласынан онлайн-форматқа қатысқан Экономикалық ынтымақтастық ұйымы мәдени институтының президенті д-р Саад Хан Абай өз еңбектерінде уағыздаған, бүгінгі күнге дейін тек Қазақстан үшін ғана емес, өңір мен жалпы әлем үшін де өзекті құндылықтарды атап өтті.

Д-р Саад Хан ұсынылған кітаптарды ЭЫҰ кітапханасы қорына сыйға тартуды сұрады.

Аллама Икбал Ашық білім беру технологиялар университетінің директоры Ирфан Али Ансари кітаптардың тұсаукесері екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастағы көпір екенін атап өтті.

Пәкістан Әдебиет академиясының бұрынғы бас директоры, 1997 жылы алғаш рет «Қара сөздердің» урду тіліне аудармасын жүзеге асырған д-р Халид Икбал Ясир іс-шараға қатысушыларға Ұлы Абайдың өмірі мен қызметі, оның қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы айтып берді.

Пәкістан Ұлттық кітапханасының Бас директоры Әсіф Икбал Хан мырза өз кезегінде әдебиеттің халықтарды біріктіретін құрал екенін, шекараны еңсеруге, елдер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға көмектесетінін баса айтты.

Іс-шара соңында Е.Қыстафин салтанатты түрде Пәкістанның Ұлттық кітапханасының Бас директоры Әсіф Икбал Хан мырзаға, Пәкістан Әдебиет академиясының бұрынғы Бас директоры д-р Халид Икбал Ясирге және дипломатиялық корпус басшысы Түрікменстанның Пәкістандағы Елшісі Атаджан Мовламов мырзаға Абайдың «Қара сөздері» мен қазақ-урду-ағылшын тілашарын сыйға тартты.