Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері: «Пәкістан Қазақстанмен бауырластық қатынастарды нығайтуға маңызды мән береді»

Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық Ассамблеясының спикері: «Пәкістан Қазақстанмен бауырластық қатынастарды нығайтуға маңызды мән береді»

Исламабад, 2024 жылғы 18 сәуір – Қазақстан Республикасының Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафиннің Пәкістан Ислам Республикасы Ұлттық Ассамблеясының жаңадан тағайындалған Спикері Сардаз Аяз Садыкпен кездесуі өтті.

Елші Ержан Қыстафин Сардаз Аяз Садық мырзаны жоғары лауазымға сайлануымен құттықтап, оның басшылығымен Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасындағы парламентаралық диалогты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Парламенттің төменгі палатасының басшысы өз тарапынан Исламабад Қазақстанды Орталық Азия өңірінің маңызды серіктесі ретінде қарастырып, екі елдің заң шығарушылары деңгейінде өзара іс-қимылды күшейтуге ниетті екенін айтты.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты күн тәртібі мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы ынтымақтастық динамикасын талқылады.

Дипломатиялық миссия басшысы ағымдағы екіжақты жобалар туралы хабардар етті, үкіметтік деңгейде шешуді талап ететін мәселелер туралы, Таяу және орта мерзімді перспективада екіжақты және көпжақты форматтар шеңберінде өткізуге жоспарланған іс - шаралар туралы айтты.

Сардар Аяз Садыктың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі арттыру үшін негіз қалаған және 2022 жылғы желтоқсанда Исламабад қаласында комиссияның 11-ші отырысын ұйымдастырған Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы ретіндегі рөлі мен үлесін ерекше атап өтті.

Әңгімелесушілердің назары өңіраралық өзара іс-қимылды жолға қою контексінде транзиттік-көліктік және логистикалық инфрақұрылымдарды дамыту мәселесіне аударылды.

Ержан Қыстафин Қазақстан мен Пәкістан өңірлер мен континенттерді байланыстыратын хаб ретінде қызмет ете алатынын ерекше атап өтті.

Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы аймақтағы қауіпсіздік жағдайы, террористік қауіптің өсуі және қабылданып жатқан шаралар болды.

Екі тарап екі елдің арнаулы қызметтері мен құқық қорғау органдары деңгейінде өзара іс-қимылды жолға қою қажеттігі туралы бірауыздан пікір білдірді, бұл өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша даму мен әртараптандыру үшін қолайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Кездесу соңында Ұлттық Ассамблеяның Спикері аталған мәселелердің барлығы Пәкістан Парламентінің ерекше назарында болатынына сендіріп, екіжақты күн тәртібін ілгерілетуге және туындайтын мәселелерді шешуге жан-жақты жәрдем көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Өз тарапынан Елші Сардар Аяз Садыкқа қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, Пәкістан провинцияларының тілдеріне аударылған Абай Құнанбайұлының «Қара сөздерін» Ұлттық Ассамблея кітапханасының қорына, сондай-ақ алғаш рет шығарылған қазақ-урду тілашарына тапсырды.