Қазақстан мен Пәкістан ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Қазақстан мен Пәкістан ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты арттыруға ниетті

Исламабад, 2024 жылғы 18 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістанның Ұлттық азық-түлік қауіпсіздігі және ғылыми зерттеулер министрінің Бірінші орынбасары Мұхаммед Асифпен кездесті.

Келіссөздер барысында тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтудың әлеуетті бағыттарын, оның ішінде пәкістандық жеміс-көкөніс өнімдерінің Қазақстанға және кері экспортын жолға қою перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады.

Тәжірибе алмасу және бірлескен жұмыстар жүргізу үшін ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институттары арасындағы байланыстарды дамыту қажеттілігі атап өтілді.

Сонымен қатар, Қазақстан-Пәкістан үкіметаралық комиссиясының 12-ші отырысының қорытындысы бойынша құрылған ауыл шаруашылығы жөніндегі бірлескен жұмыс тобының бірінші отырысын ұйымдастыру мәселесі талқыланды.

Келіссөздер соңында жақын арада ауыл шаруашылығы ведомстволарының басшылығы деңгейінде келіссөздер жүргізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.