COMSATS басшылығы Қазақстанмен серіктестікті арттыруға ниетті

COMSATS басшылығы Қазақстанмен серіктестікті арттыруға ниетті

Исламабад, 17 сәуір 2024 жыл. ҚР ПИР-дағы Елшісі Е.Қыстафин Оңтүстіктің тұрақты дамуы мақсатындағы ғылым және технологиялар жөніндегі комиссияның (COMSATS) штаб-пәтерінде болып, COMSATS атқарушы директоры доктор Мұхаммед Нафис Закариямен келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ұйым арасындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын егжей-тегжейлі талқылап, IT индустриясына ерекше назар аудара отырып, өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту жоспарларын белгіледі.
Доктор М.Н.Закария IT мамандықтары бойынша оқыту семинарларының, тренингтердің кең спектрін ұсынуға дайын екенін білдіріп, осы саладағы байланыстарды арттыру қажеттігін атап өтті.
Өз тарапынан Елші Е.Қыстафин Қазақстанның ІТ-индустриясындағы қазіргі жағдайын, қол жеткізілген прогресс туралы айтып берді. Бөлек «ҰАТ» АҚ мен «Astana Hub» халықаралық технологиялық паркінің қызметіне ерекше тоқталып, осы Ұйымдармен байланыс орнатуды ұсынды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты ілгерілету үшін Елшілік пен COMSATS арасындағы өзара іс-қимылды күшейту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.