«Пәкістан радиосы» Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

«Пәкістан радиосы» Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға ниетті

Исламабад, 2024 жылғы 17 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин  1947 жылы негізі қаланған Пәкістанның ірі ұлттық қоғамдық хабар таратушысы және елдегі ең көне әрі беделді бұқаралық ақпарат құралдарының бірі – «Пәкістан Радиосына» барды.

«Пәкістан радиосының» бас директоры Сайед Ахмед Шейхпен кездесу барысында радиохабар тарату, контент алмасу саласындағы перспективалық бағыттар, осы саладағы қазақстандық серіктестермен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Қазақстан Елшісі мәдениет және ақпарат саласындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша жүргізіліп жатқан дәйекті жұмыс туралы хабардар етті, 2023 жылғы желтоқсанда Астанада өткен үкіметаралық комиссияның 12-ші отырысының қорытындылары туралы, атап айтқанда, мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум туралы мәлімдеді.

С.А.Шейх, өз кезегінде радиохабар тарату саласындағы ынтымақтастықты дамытуға терең қызығушылық танытып, «Пәкістан Радиосы» журналының беттерінде тұрақты түрде мақалалар жариялауды ұсынды.

Сапар соңында Елші «Пәкістан Радиосының» арнайы подкастында сұхбат беріп, онда Қазақстан мен Пәкістан арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайту перспективалары туралы айтып, екі ел арасында экономикалық, мәдени және саяси байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.