Пәкістан Қазақстанмен теміржол қатынасын дамытуға мүдделі

Пәкістан Қазақстанмен теміржол қатынасын дамытуға мүдделі

Исламабад, 2024 жылғы 8 сәуір – Қазақстанның Пәкістандағы Елшісі Ержан Қыстафин Пәкістан теміржол Министрінің бірінші орынбасары Сайед Али Шахпен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында пәкістандық тарап елдің теміржол желілерін оңалту және кеңейту үшін шетелдік инвесторларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Осыған байланысты, С.А.Шах Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастықты жандандыруға терең қызығушылық білдірді, оны жолға қоюы екіжақты және өңіраралық сауданы сапалы жаңа деңгейге шығаруға ықпал етуі мүмкін.

Е.Қыстафин айтылған тәсілдерді қолдап, көлік және өңірлік өзара байланыс жөніндегі Бірлескен жұмыс тобы шеңберінде де, екі елдің теміржол ведомстволары арасында да диалогты нығайту қажеттігін атап өтті.

Жалпы, тараптар көлік-логистика саласындағы өзара іс-қимыл үшін, оның ішінде Пәкістанның Карачи және Гвадар теңіз порттарына шығуын ескере отырып, Африка мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін елеулі әлеуетті атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістанның уәкілетті мемлекеттік органдары мен мүдделі ұйымдары деңгейінде келіссөздер ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.