Наурыз мерекесі Гонконгтағы «Baptist University»-де жалғасын тапты

Наурыз мерекесі Гонконгтағы «Baptist University»-де жалғасын тапты

ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулдығы Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларды өткізуді жалғастырды. 

2024 жылғы 19 наурызда Гонконгтағы «Baptist University»-де осы жоғары оқу орнының басшылығының, жергілікті мемлекеттік органдар, дипломатиялық корпус өкілдерінің, сондай-ақ гонконгтың тұрғындары мен қазақстандық студенттердің қатысуымен Наурыз мерекесі өтті.

Іс-шара аясында концерттік бағдарлама, яғни қонақтардың қатысуымен ұлттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шараның ерекшелігіне Қазақ киіз үйінің, сурет көрмесінің және ұлттық тағамдардың қонақтарға таныстырылуы болды.