Наурыз мерекесі қарсаңында Гонконгта алғаш рет Қазақ үйі орнатылып, Алматылық «Алатау» ансамблінің концерті өтті

Наурыз мерекесі қарсаңында Гонконгта алғаш рет Қазақ үйі орнатылып, Алматылық «Алатау» ансамблінің концерті өтті

Гонконг, 2024 жылғы 15 наурыз – ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао, АӘА-ғы Бас консулдығы Наурыз мейрамын кеңінен мерекелеуді ұйымдастырды.

Іс-шараға Гонконгтың мемлекеттік мекемелерінің өкілдері мен тұрғындары, болу елінің дипломатиялық корпусы, ҚР азаматтары мен қазақстандық студенттер қатысты.  

Мерекенің ресми ашылуында Бас консул Алмас Сейтақынов сөз сөйлеп, қатысушыларға Наурыз мейрамының мағынасы, елімізде оның рөлі мен маңызы туралы түсіндірді, сондай-ақ 2024 жыл Қазақстанның Қытайдағы туризм жылына орай шетелдік азаматтарды елімізге келуге шақырды.

Сонымен қатар, еліміздің Бас консулдығын Гонконгта ашылғанынан бері 20 жылда алғаш рет, Бас консулдықтың және гонконгтық «CityU» университетінің қолдауымен, осы жоғары оқу орнының салтанатты залында Қазақ үй орнатылып, еліміздің көрікті жерлерімен сурет галереясы ұйымдастырылды. Гонконгтың тұрғындары мен туристер университетке келіп, Қазақ үйді зерттеп, сурет галереясын наурыз ай бойы тамашалай алады.     

Одан бөлек, Бас консулдық CityU-мен бірлесіп қазақстандық «Алатау» театры ансамблінің Гонконгқа келуін ұйымдастырды. Осылайша, ү.ж. 15 наурызда еліміздің әртістерінің концерті өтіп, қазақ ақындарының атақты өлеңдер мен күйлері орындалып, Ұлттық билер көрсетілді. Концертке 600 аса Гонконг тұрғындары мен болу еліндегі 100 қазақстандық азаматтар қатысты. Іс-шара қонақтардың шынайы қуанышы мен қызығушылығын тудырды.

Наурыз мейрамын кеңінен мерекелеу қазақ елінің бай мәдениеті мен дәстүрлерін, тарихын түсіндіруге және Қазақстанның болу елінде имиджін ілгерілетуге, сондай-ақ мемлекеттің туристтік мүмкіндіктерін таныстыруға мүмкіндік берді.