Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысы

Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Финляндия үкіметаралық комиссиясының 13-ші отырысының бағдарламасы қарқынды болды.

Отырыс барысында тараптардың көлік, жоғары білім, өнеркәсіп, геология, энергетика, орман шаруашылығы және су ресурстары саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша тараптардың сөз сөйлеуі өтті.

Тараптар көлік, өнеркәсіпте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, энергетиканы «жасылға» ауысуға бейімдеу, су және орман ресурстары саласының кадрларын даярлау және ынтымақтастықтың басқа да перспективалық бағыттары саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы мен дайындығын атап өтті.

АХҚО, «QazBioPharm» ҰХ» АҚ және «BI-Group» компанияларының басшылары түрлі салалар бойынша Қазақстанның әлеуетін таныстырған екі ел бизнесінің қатысуымен дөңгелек үстел бағдарламасы да қанық болды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша өнеркәсіп, пайдалы қазбаларды терең өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және т. б. салалардағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Бұдан басқа, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ мен Финляндияның «Эконет» компаниясы арасында келісімшартқа, сондай-ақ М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Finnish Water Forum қауымдастығы арасында Меморандумға қол қойылды.