Елші Қ.Тумыш Вьетнамның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысымен кездесті

Елші Қ.Тумыш Вьетнамның ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Бас хатшысымен кездесті

2024 жылғы 4 сәуірде ҚР ВСР-дағы Елшісі К.Тумыш пен ЮНЕСКО істері жөніндегі Вьетнам Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы, қазіргі уақытта ВСР Сыртқы істер министрлігі Мәдени дипломатия департаменті Бас директорының міндетін атқарушысы Ле Тхи Хонг Ван ханым арасында кездесу өтті.

Екіжақты және көпжақты күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар талқыланды. Ле Тхи Хонг Ван ханым Қазақстанның Алматы қаласында Тұңғыш Президент және Вьетнам халқының көрнекті көшбасшысы Хо Ши Миннің атындағы көше ашуға ниеті үшін ерекше алғысын білдірді.

Кездесу барысында екі тарап мәдени дипломатия саласындағы ынтымақтастықты, болашақ бірлескен жобаларды және адамдар арасындағы мәдени алмасулар мен байланыстарды кеңейтуге бағытталған іс-шаралар кестесін талқылады.

Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.