Наурыз мейрамы Хошимин қаласында атап өтілді

Наурыз мейрамы Хошимин қаласында атап өтілді

2024 ж. 9 наурыз, Ханой қ. – 2013 жылы Қазақстанның Вьетнамдағы Елшілігі ашылғаннан бері мемлекеттік мереке болып табылатын «Наурыз мейрамы» Вьетнамдағы ҚР азаматтары басым тұратын Хошимин қаласында алғаш рет салтанатты түрде дипөкілдік тарапынан ұйымдастырылып, қазақстандық азаматтармен бірге атап өтілді.

Осы жылдың қараша айына дейін жалғасатын Қазақстанның Түркі Мемлекеттері Ұйымының Төрағалығы аясында, іс-шараға Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш,  Әзірбайжан Елшісі Шөвги Мехдизада, қос бауырлас мемлекеттің Елшілік қызметкерлері, сондай-ақ Вьетнам ресми тұлғалары (Хошимин әкімдігі), қоғам қайраткерлері, академиялық мен іскерлік шеңберлері, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Әзербайжан мен Вьетнамның белсенді азаматтары қатысты. Айталық, жалпы, іс-шараға 40-қа жуық қазақ отбасы қатысты.

Танымал қазақ әртісі, «Қазақконцерт» солисі, ҚР Мәдениет саласының үздігі Перизат Тұрарова, сондай-ақ Әзербайжан дипломаты әрі әртісі Мұса Гулиев Хошиминдегі салтанатты іс-шараға қатысып, тамаша қазақ пен әзербайжан ұлттық күй мен әндерімен Вьетнам жұртшылығын таңғалдырып, іс-шараның мәдени бөлімін толықтырды.

Бұдан басқа, қонақтарға екі Елшілік және Хошиминдегі отандастары түрлі ұлттық тағамдардан тұратын бай дастархан жайды. Ал, Қазақстан, Әзербайжан мен Вьетнам іскер адамдары өзара байланыс құрып, networking жасап, кейбір алдын-алғы кәсіпкерлік уағдаластықтарына қол жеткізді.

Наурыз мейрамының тұңғыш рет ВСР-дың ең ірі қаласында тойлануы, қазақ мәдениет пен өнерін және ҚР-дың ТМҰ-дағы Төрағалығын Вьетнамда насихаттау тұрғысынан ірі іс-шара болып, жергілікті жұртшылық пен қазақ және әзірбайжан қауымдастықтары арасында өте жылы қабылданды да, әлеуметтік желілерде оң бағалануда.

Сонымен қатар, айта кетер жайт, өткізілген тойлану салтанаты тек қазақ пен әзірбайжан тілдерінде жүргізілді (вьетнам және ағылшын тілдеріне тиісті аудармасымен). Осы тұрғыдан ол мемлекеттік тілді дамыту аясында аса маңызды болды.