Қазақстан Елшісі Вьетнам Премьер-Министрімен кездесті

Қазақстан Елшісі Вьетнам Премьер-Министрімен кездесті

ҚР Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның жаңа жылын (Тет мерекесі) мерекелеу алаңында Вьетнам Социалистік Республикасының Премьер-министрі Фам Минь Тьин мырзамен кездесті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты кеңейтудің өзекті мәселелері мен перспективалары қаралды.

Атап айтқанда, қазақстандық тарап 2024 жылғы маусымда Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонгтың Қазақстанға алдағы мемлекеттік сапарының, сондай-ақ келесі жылы екі елдің Премьер-Министрлері деңгейінде сапарлармен алмасу тақырыбын қозғады.

Фам Минь Тьин мырза алдағы кезеңде Премьер-Министр деңгейінде өзара сапарларды өткізу қажеттілігін, сондай-ақ екіжақты Қазақстан-Вьетнам қатынастарын одан әрі тереңдетуге бағытталған тәсілдерді қолдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Вьетнам және Қазақ халықтарын алдағы Тет (Вьетнам жаңа жылы) және Наурыз (Қазақ жаңа жылы) мерекелерімен өзара құттықтады.

Кездесу достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті және өзара кооперацияны сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.