Қазақстанның Дубай қаласы мен Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Консулдық патентті тапсырды

Қазақстанның Дубай қаласы мен Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Консулдық патентті тапсырды

2024 жылғы 29 ақпанда Қазақстанның Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі Бас консулы Алмаз Тасболат БАӘ Сыртқы істер министрлігінің Дубай қаласындағы өкілдігінің Директоры Шейх Мактум бен Бути Әл Мактуммен кездесу өткізіп, Консулдық патентті табыс етті. Кездесу барысында түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді, сондай-ақ консулдық саладағы өзара іс-қимыл, оның ішінде Қазақстан азаматтарының Әмірліктердегі құқықтары мен мүдделерін қорғауға байланысты мәселелер талқыланды. Тараптар екіжақты қатынастар мәселелері бойынша тұрақты негізде консультациялар өткізуге, сондай-ақ консулдық қызметтерді цифрландыру саласында тәжірибе алмасуға уағдаласты.