Будапештте «Орта дәліз» жобасының перспективалар талқыланды

Будапештте «Орта дәліз» жобасының перспективалар талқыланды

Будапешт, 2024 жылғы 24 сәуір - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі Мажар сыртқы саясат жөніндегі институты (HIIA) ұйымдастырған «3+2 Seas Initiative: Connectivity through the Middle Corridor and the Three Seas Initiative. Meeting at the Hungarian Intersection» атты дөңгелек үстелге қатысты.

Шараның панелистері «Heritage Foundation» (АҚШ) талдау орталығының аға сарапшысы Дж.Карафано, Румыния Еуропалық институтының сарапшысы М.Шебеи, «New Frontier Foundation» (Хорватия) орталығының президенті Н.Влахович және «HIIA»-ның жетекші ғалымы Ш.Шереметь болды.

Сұхбаттастар, «TSI» жобасы мен «Орта дәліз»-дің өзара ықпалдасу мүмкіндіктері (connectivity), сондай-ақ билікке Д.Трамп келгеннен кейінгі осы жобалардың перспективалары туралы ойларымен бөлісті.