Мажарстанда 2024 - Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарыстары өтті

Мажарстанда 2024 - Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу жарыстары өтті

Будапешт, 2024 жылғы 20-21 сәуір – Мажарстанның Альбертирша қаласында «Тұран» дәстүрлі спорт түрлерін сақтаудың 4-ші турнирі аясында 8-14 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға іріктеу жарыстары өтті.

«Мажар көкпар дәстүрлі спорт федерациясы» ұйымдастырған іс-шараны «Мадьяр-Тұран» қоры мен Қазақстан Республикасының Елшілігінің өкілдері және Альбертирша қаласының басшылығы ашты.

Салтанатты жиында ұлттық жарыстар түркі әлемінің жаһандық дәстүрлі ойындарының құрамдас бөлігі болып табылатын дәстүрлі ойындардың мәдени мұрасын сақтауды күшейту қажеттілігі ерекше аталып өтті.

Іріктеу жарыстарында келесі сайыстардың категориялары ұсынылды: садақ ату, жамбы ту, ат үстінде найза жекпе жегі, найза жекпе жегі, атқа мініп күресу, сондай-ақ бүркітпен аң қағу.

Айта кетері, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары шеңберінде бекітілген ережелер мен сандық құрам бойынша іріктеу турнирлерін өткізу үшін Мажарстандағы басты серіктес ретінде «Мажар көкпар дәстүрлі спорт федерациясын» таңдағанын өте қуантады.

«Мажар көкпар дәстүрлі спорт федерациясы», Мажарстандағы ең ірі спорт ұйымы болып табылады және Дүниежүзілік этно-спорт конфедерациясымен тығыз ынтымақтастық жасасуда.

«Мажар көкпар дәстүрлі спорт федерациясының» штаб-пәтері Будапештте орналасқан. Ұйымның президенті Андраш Биро болып табылады.