Парламентаралық байланыстарды дамыту Қазақстан мен Румыния күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып табылады

Парламентаралық байланыстарды дамыту Қазақстан мен Румыния күн тәртібіндегі маңызды мәселе болып табылады

Бухарест, 2024 жылғы 24 сәуір – Парламентаралық серіктестікті дамытудың жоғары әлеуетін ашу Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Ерлік Әли мен Румыния Парламенті Сенатының Сыртқы саясат комитетінің төрағасы Титус Корлэцян арасындағы келіссөздердің басты тақырыбы болды.

Келіссөздер барысында әңгімелесушілер екіжақты және көпжақты форматтағы өзара іс-қимылдың кең ауқымды мәселелерін талқылап, тараптардың Астана мен Бухарест арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын растады.

Тараптар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды талқылауға ерекше назар аударды. Атап айтқанда, румын тарапы адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттілікті қорғауды күшейтуге, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған өзгерістер туралы хабардар болды.

Сонымен қатар, келіссөздердің көпжақты күн тәртібіне халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы, сондай-ақ Қазақстан-ЕО және Орталық Азия-ЕО форматындағы ынтымақтастық бойынша пікір алмасу болды. Бұл ретте 2024 жылғы 29 маусым мен 3 шілде аралығында Бухарестте өтетін ЕҚЫҰ ПА 31-ші жыл сайынғы сессиясына қазақстандық делегацияның қатысуы бойынша ұсыныстар да қарастырылды.

Қорытындылай келе, сұхбаттастар инвестиция, энергетика, көлік, логистика және туризм салаларындағы әлеуетті жаңа мүмкіндіктерді талқылау үшін жүйелі түрде кездесуге келісті.