Парламентаралық дипломатияны дамыту Қазақстан-Румыния қатынастарында басымдық болып табылады

Парламентаралық дипломатияны дамыту Қазақстан-Румыния қатынастарында басымдық болып табылады

2024 жылғы 12 наурыз, Астана-Бухарест – парламентаралық ынтымақтастықты жандандырудың жаңа жолдары ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Төрағасының Айгүл Құспан мен Румыния депутаттар Палатасының сыртқы саясат комитетінің төрағасы Розалия-Ибоя Биро арасындағы бейнеконференция форматында өткен келіссөздердің негізгі тақырыбы болды.

Келіссөздер барысында депутаттар екіжақты және көпжақты форматтағы парламентаралық әріптестіктің перспективаларын егжей-тегжейлі талқылады. Атап айтқанда, тараптар екі ел парламенттері өкілдерінің сапарларын қайта бастауға, сондай-ақ ЕКПА мен ЕҚЫҰ ПА желісі бойынша заң шығарушы органдар арасында тәжірибе алмасуды жандандыруға уағдаласты.

Сонымен қатар, Парламент комитеттерінің төрағалары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты әріптестік мәселелерін де қарастырды. Бұл ретте екі елдің орнықты даму мақсаттарын іске асыруға, «Орта дәлізді» дамытуға және Ақтау мен Констанца порттарын ұштастыруға қатысуы, сондай-ақ энергетикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдары талқыланды.

Сонымен қатар, А. Құспан әріптесіне Еуропалық Одақпен визалық режимді жеңілдетуді пысықтау барысы туралы хабардар етті, бұл болашақта іскерлік өзара іс-қимыл, инвестициялар туризм, мәдениет және білім беру сияқты барлық салалардағы ынтымақтастыққа серпін береді.

Кездесу соңында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті.