Қазақстан мен Бельгия өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Бельгия өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда

Брюссель, 2024 жылғы 20 наурыз – Қазақстанның Елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия Корольдігі Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы Питер Мурспен кездесті. Қазақстандық дипломат П.Мурсты Бельгияның Еуропалық Одаққа Төрағалығымен құттықтады.

Кездесу барысында Қазақстан мен Бельгия арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасуының дамуы, сондай-ақ Еуропалық Одақпен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сауда айналымының ұлғаюы және Бельгиядан Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялары ағынының өсуі байқалды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Бельгия арасындағы тауар айналымы 523,7 млн АҚШ долларды құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 1,7%-ға жоғары (514,9 млн АҚШ доллары). Ал 2013-2023 жылдар аралығында Бельгиядан Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 11 млрд АҚШ доллардан асты. 

Бүгін қазақстандық нарықта бельгиялық капиталдың қатысуымен 76-ға жуық компания жұмыс істейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия Корольдігінің Премьер-Министрі Александр де Кроо арасындағы келісімге сәйкес 2023 жылдың мамырында Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесі құрылды, оның екінші отырысы осы жылы өтеді. 2023 жылы 18 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет Бельгия Сенаты мен Өкілдер палатасының депутаттары Қазақстанға барды.

Кездесу барысында ҚР мен ЕО арасындағы көліктік-логистикалық бағыттарды кеңейтуге, сондай-ақ жер металдарын игеру және еуропалық нарыққа мерзімді жеткізу бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, М.Баймұхан бельгиялық саясаткерге Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси-экономикалық реформалар туралы айтып берді. Сонымен бірге, М.Баймұхан бельгиялық саясаткерді ү.ж. маусым айында өтетін Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.

Тараптар жоспарланған екіжақты іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында жұмыс байланысын жалғастыруға келісті.