Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау туралы ақпараттық хабарлама

                ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!


      2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстанның Беларусьтегі Елшілігі жанындағы №263 және Қазақстанның Брест қаласындағы консулдығы жанындағы №298 сайлау учаскелерінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беру өтеді.
      Егер Сіз дауыс беру күні 18 жасқа толған және белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында Сізде дауыс беруге қатысуға құқықтық негіз бар.
      Сізді сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізу дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі болып табылады.
      Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігі жанындағы №263 және Қазақстанның Брест қаласындағы консулдығы жанындағы №298 сайлау учаскелерінің сайлаушылар тізіміне Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорттары бар, елде тұрақты немесе уақытша тұратын барлық азаматтар кіреді.


                ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫ!


      Сізді сайлаушылар тізіміне енгізу үшін Беларусь аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері, электрондық поштасы) «Президент сайлауы-2022» белгісімен келесі электрондық мекенжайға алдын ала жіберу қажет:
consul20minsk@gmail.com
brest-consul@tut.by
Қосымша сұрақтар бойынша №263 және №298 учаскелерінің телефон нөмірлері бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз.
+ 8 (017) 276 01 23 комиссия хатшысы
+ 8 (017) 276-01-08; 8 (017) 276-01-09 – Минсктегі консул
+ 375 162 58 35 00, +375 25 511-11-11- Бресттегі консул