Ынтымақтастық мәселелері сауда және туризм саласында талқыланды

Ынтымақтастық мәселелері сауда және туризм  саласында талқыланды

Бразилиа, 2024 жылғы 25 сәуір - Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Бразилияның Ұлттық сауда және туризм конфедерациясының (CNC) Президенті Жозе Роберто Тадроспен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық және туризм саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

CNC Президенті осы жылдың күзінде Қазақстанға жұмыс сапары аясында Астанада өтетін кезекті 5 Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуына қатысуға қызығушылық танытты.

Қазақстан Елшісі өз кезегінде, Бразилия ұлттық сауда және туризм конфедерациясының басшылығын осы жылдың мамырында Порту-Алегре қаласында өтетін «Қазақстан-Бразилия» Іскерлік кеңесінің үшінші отырысына қатысуға шақырды.