Бішкекте «Жаңа есімдер» IX Халықаралық студенттер фестивалі өтуде.

Бішкекте «Жаңа есімдер» IX Халықаралық студенттер фестивалі өтуде.

Ағымдағы жылдың 15-21 сәуір аралығында Бішкекте «Жаңа есімдер» IX Халықаралық студенттер фестивалі өтуде. Фестиваль жыл сайын жас әртістерді қолдау мақсатында өткізіледі. Фестивальдің басты мақсаты - әр талант иесі үшін сахна есігін ашу. Сонымен қатар, фестивальдің мақсаты театр білімі мен өнер саласындағы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, студенттерге өздерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға көмектесу.

         Аталған фестиваль шеңберінде 2024 жылдың 17 сәуірінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің төртінші курс студенттерінің қатысуымен «Кармен» спектаклінің қойылымы болып өтті, сондай-ақ олар «Қасқыр ұлыған түн» спектаклін назарға ұсынатын болады.

         Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым, жұртшылық, қазақ диаспорасының өкілдері және Қазақстан Республикасы Елшілігінің дипломаттары қатысты.

https://culture.akipress.org/news:2092161