Бернде Наурызды атап өтті

Бернде Наурызды атап өтті

Берн, 30 наурыз – Қазақстанның Елшілігі және Швейцариядағы қазақ диаспорасы мен отандастарын біріктіретін «Бірлік» Қазақстан-Швейцария қауымдастығы Берн қаласында Наурыз мерекесін атап өтті.

 Елші Қайрат Саржанов өзінің құттықтау сөзінде қонақтарды құттықтап, «Наурызнаманы» мерекелеудің жаңа форматымен таныстырды. Осы тұжырымдаманың әр күні қазақ халқының мәдени игілігін көрсететін белгілі бір құндылықтарына арналады. Сонымен қатар, Елші Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған бастамалары туралы хабарлады.

 Іс-шара бағдарламасы аясында қазақ диаспорасының өкілдері мен отандастары қазақтың ұлттық әндерін, күйлерін, билерін орындады, «Тұсау кесер» рәсімін өткізді, сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарының мерекелік дастарханын ұйымдастырды.