Мәжіліс Төрағасының Бернге сапары және Қазақстан-Швейцария парламентаралық диалогы туралы

Мәжіліс Төрағасының Бернге сапары және Қазақстан-Швейцария парламентаралық диалогы туралы

Берн, 25 – 26 наурыз. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошановтың Бернге ресми сапары аясында қазақстандық делегация Швейцария Федералдық жиналысы Ұлттық кеңесінің Президенті Эрик Нузбаумермен және Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.

Швейцария Федералдық жиналысы Ұлттық кеңесінің президенті Эрик Нузбаумеромбпен кездесу барысында Мәжіліс Спикері шақырғаны үшін алғысын білдіріп екі елдің саяси және экономикалық әріптестігінің маңыздылығын атап өтті. Екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы жаңа тарау, оның айтуынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қарашада Швейцарияға жасаған алғашқы ресми сапары нәтижесінде ашылды. Мәжіліс Төрағасы президенттік реформалар курсының іске асырылуы, VIII сайланған көппартиялық Мәжілістің жұмысы, оның ішінде қабылданған жаңа заңдар туралы хабардар етті.

Тараптар парламенттік достық топтары, комитеттер мен партиялық фракциялар желісі бойынша өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, экологиялық, энергетикалық, білім беру және ғылыми-зерттеу салаларындағы жаңа мүмкіндіктерді қарастырды. Пайдалы қазбаларды өңдеу, фармацевтика, машина жасау және аспап жасау, туризм және қаржылық қызметтер ерекше өзекті болып табылады.

Кездесу соңында Еран Қошанов швейцариялық швингеннен балуандарды («Қазақ күресіне» ұқсас швейцариялық ұлттық күрес түрі) Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.

Өз кезегінде Швейцария Ұлттық Кеңесінің Президенті Қазақстандағы демократияның даму процесін жоғары бағалады, елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдіріп, Қазақстан-Швейцария парламентаралық диалогының одан әрі дамуына сенім білдірді. 

Швейцарияның Сыртқы істер министрі Иньяцио Кассиспен кездесуде Мәжіліс Спикері Қазақстан мен Швейцарияның әріптестігі өзара құрмет, достық және сенім рухында, оның ішінде парламенттер желісі бойынша нығая түсетініне сендірді. Ол Қазақстанның Швейцария тарапының халықаралық аренада, ең алдымен БҰҰ мен оның құрылымдарында Қазақстанның бастамаларын қолдауын жоғары бағалайтынын атап өтті.

И.Кассис екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, өзінің ұлттық кеңестегі көп жылдық депутаттық тәжірибесіне сілтеме жасай отырып, әлемдегі тұрақтылықты орнату мәселелерінде парламентаралық байланыстардың өсіп келе жатқан рөлін айтты.

Кездесу соңында тараптар қазақстандық азаматтар үшін Шенген аймағының визалық режимін оңайлату және Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы меморандум жасасу мәселелері бойынша пікір алмасты.