ҚР Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің Базель басқару институтымен кездесуі туралы

ҚР Бас Прокуратурасының Активтерді қайтару комитетінің Базель басқару институтымен кездесуі туралы

2024 жылғы 18 наурыз, Берн қ. - ҚР Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитеті ҚР Швейцариядағы Елшілігінің қолдауымен Базель басқару институтымен онлайн-келіссөздер жүргізді.

Кездесу 2023 жылы Базельде ҚР Бас прокуратурасы мен Институт арасында қол қойылған ынтымақтастық туралы Келісім аясында өтті.

Қазақстан Республикасының Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов Комитет пен Базель институты арасындағы ынтымақтастықты дамыту ұрланған активтерді қайтару мәселесінде қазақстандық тараптың әлеуетін күшейтетініне сенім білдірді.

Кездесу барысында сарапшылар Комитеттің активтерді сәйкестендіру және тәркілеу саласындағы озық және тиімді әдістерді пайдалануын талқылады, «Basel LEARN» білім беру платформасын пайдалану туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Атап айтқанда, Комитетке заңсыз байытуға қарсы бағытталған заңнама саласындағы жетекші халықаралық сарапшы болып табылатын Андрю Дорнбиерер жәрдемдесетін болады.