Базель-Штад кантонымен аймақаралық ынтымақтастық перспективалары туралы

Базель-Штад кантонымен аймақаралық ынтымақтастық перспективалары туралы

2024 жылғы 5 наурыз, Базель – Базель-Штад кантонына ресми сапары аясында Қазақстанның Швейцариядағы Елшісі Қайрат Саржанов кантонның Атқарушы кеңесінің басшысы Лукас Энгельбергер мырзамен және кантон әкімшілігәнің басқа да мүшелерімен кездесу өткізді.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын қарқынды дамыту мақсатында өңіраралық ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Елші аумағында химия және фармацевтикалық кәсіпорындар орналасқан Шымкент пен Базель арасында тікелей байланыс орнатуды ұсынды.

Сондай-ақ Қ.Саржанов болашақта Қазақстанда Novartis, Roche және Clariant сияқты ірі Базель компанияларының қызметін кеңейтуге мүмкіндік беретін инвестициялық саясат пен Қазақстанда бизнес жүргізудің артықшылықтарына тоқталды.

Базель-Штад басшылығы аймақтық деңгейде іскерлік байланыстар орнату арқылы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлкен қызығушылық танытты.