Қазақстан елшісі Цюрих кантонына ресми сапарын өткізді

Қазақстан елшісі Цюрих кантонына ресми сапарын өткізді

2024 жылғы 30 қаңтар, Цюрих - Қазақстанның Швейцария Конфедерациясындағы елшісі Қайрат Саржанов Цюрих кантонына ресми сапармен барып, Кантон үкіметтік кеңесінің президенті Марио Фереммен және өңірлік сауда-өнеркәсіп палатасының директоры Рафаэль Чанзбен жеке кездесулер өткізді.

Кантон басшылығымен келіссөздер барысында тараптар Қазақстан-Швейцария ынтымақтастығының үдемелі дамуын атап өтті, өңіраралық өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады және екіжақты байланыстар мен екі ел халықтары арасындағы мәдени алмасуды кеңейтуге ықпал ететін Цюрих кантоны мен Алматы облысы арасында байланыс орнатуды қарауға келісті. Сондай-ақ, Елші Цюрихте қазақ диаспорасының қатысуымен мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға қызығушылық білдірді.

Швейцарияның ірі экономикалық және қаржы орталығының кәсіпкерлер бірлестігінің басшысымен кездесуде елші экономикалық күн тәртібінің өзекті мәселелерін белгілеп, сұхбаттасушыға Қазақстан экономикасының басымдықтары, транзиттік әлеуеті, нарықтың артықшылықтары және шетелдік инвесторларды қолдау шаралары туралы ақпаратты жеткізді. Р. Чанз ынтымақтастыққа, оның ішінде кәсіпкерлер бірлестігіне мүше 1100 компания арасында Қазақстан және инвестициялық жобалар туралы ақпаратты кеңінен таратуға дайын екенін білдірді.

Цюрих кантоны - неміс тілінде сөйлейтін, халық саны бойынша ең үлкен - 1,4 млн. адам, 1 729 шаршы км. құрайтын Швейцарияның солтүстік-шығысында орналасқан аймақ. ЖІӨ-нің жылдық көлемі 120 млрд. швейцариялық франкінен асады, бұл Швейцария ЖІӨ-нің 20% - дан астамын құрайды, Цюрих елдегі ең жоғары экономикалық көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.

Цюрих кантоны Конфедерацияның іскерлік, ғылыми-зерттеу және қаржы орталығы. Жылдық ЖІӨ-сі 120 млрд. астам швейцариялық франк құрайтын бұл Швейцарияның аймағы мемлекет ЖІӨ-сінің 20% шығарып, экономикалық ең жоғары көрсеткіштерге ие. Бұл жерде ABB, Adecco, AXA, Credit Suisse, DKSH, Dormakaba, Gategroup, Google, ICBC, Kistler, Lindt & Sprüngli, Nyrstar, Rieter, Sensirion, Sonova, Sulzer, Swiss Re, Takeda, UBS, Vifor Pharma, Zimmer сияқты үлкен компаниялардың бас офистері орналасқан.