Қазақстан мен Бавария ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстан мен Бавария ынтымақтастықты нығайтады

Мюнхен, 2024 жылғы 17 сәуір – Бүгін Қазақстанның Германиядағы Елшісі Нұрлан Онжанов Бавария федералдық жерінде жұмыс сапарымен болып, Германиядағы ең ірі экономикалық шара – Людвиг Эрхард халықаралық конференциясына қатысты.

Сапар аясында Бавария федералдық мемлекетінің Премьер-Министрі Маркус Зёдермен кездесу өтіп, оның барысында Қазақстан мен Бавария арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.  Екі жақ та экономикалық және мәдени байланыстарды тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Елшісі сондай-ақ Баварияның Еуропалық және халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік министрі Эрик Байсвангермен өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты арттыру мүмкіндіктері туралы келіссөздер жүргізді.
Тараптар сонымен қатар аймақтық ынтымақтастық тақырыптарын талқылады.