Ливан теледидары Қазақстан жайлы сыр шертті

Ливан теледидары Қазақстан жайлы сыр шертті

10 ақпанда Қазақстанның Ливандағы Елшісі Расул Жұмалы Ливандағы ең көне және беделді телеарналардың бірі TeleLiban-ға кең көлемді сұхбат берді. Журналист Джуеил Азизбен сұхбатында дипломат қазіргі Қазақстанның өмірі, оның бай мәдениеті мен табиғатының алуан түрлілігі туралы сөз тарқатты. Астана халықаралық сахнада белсенді саясат жүргізе отырып, Араб әлемімен, атап айтқанда Ливанмен жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Атап айтқанда, сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік, гуманитарлық, транзиттік және көліктік салалардағы байланыстар болашағынан зор үміт күттіреді. Қазірде Астана мен Бейрут осы әлеуетті игеруге күш салуда. Соның ішінде азаматтардың қатынауы үшін визалық жеңілдіктер енгізу, құқықтық базаны кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыс орнату шаралары қолға алынуда.