Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сириядағы Иран Елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылға қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сириядағы Иран Елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылға қатысты мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сирия астанасы Дамаск қаласындағы Иран Елшілігінің консулдық бөліміне жасалған шабуылды айыптайды.

Дипломатиялық миссиялар мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық пен агрессия актілерінің кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз.

Мұндай әрекеттер дипломатиялық және консулдық нысандардың қауіпсіздігіне кепілдік беретін халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзады.