Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесуге БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы

Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесуге БАҚ өкілдерін аккредиттеу туралы

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

«Астана форматындағы» кепілгер елдердің ұжымдық өтінішіне сәйкес 2024 жылғы 24-25 қаңтарда Қазақстан елордасында Астана процесі шеңберінде Сирия бойынша 21-ші халықаралық кездесу өтеді.

Келіссөздерге Ресей, Түркия, Иран, Сирия үкіметі мен Сирия оппозициясының делегациялары қатысады. Бақылаушылар ретінде Иордания, Ирак және Ливан, сондай-ақ БҰҰ, БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасы мен Халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Алдын ала күн тәртібіне Сирия төңірегіндегі өңірлік ахуалды дамыту, САР-дағы кешенді реттеу жөніндегі күш-жігер, Сириядағы гуманитарлық ахуал және Сирияны жанжалдан кейінгі қалпына келтіруге жәрдемдесу мақсатында халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін жұмылдыру және т.б. мәселелер енгізілді.

Ү.ж. 25 қаңтарда «Sheraton Astana Hotel» қонақ үйінде (Сығанақ көшесі 60/1) өтетін келіссөздер қорытындысы бойынша аталған кездесуге қатысушылардың пленарлық отырысына шақырамыз (басталу уақыты қосымша хабарланады).

Осыған орай аккредиттеуден өту үшін ү.ж. 23 қаңтарда сағат 15:00-ге дейін форманы толтырып, mfakzaccreditation@gmail.com поштасына жолдауды сұраймыз.

Аккредитация сұрақтары бойынша +7 (7172) 72-01-45, +7 (7172) 72-01-41 нөмірлеріне хабарласуға болады.