Президент Әлиев: Әзербайжан мен Армения СІМ басшылары Қазақстанда кездесуі мүмкін

Президент Әлиев: Әзербайжан мен Армения СІМ басшылары Қазақстанда кездесуі мүмкін

Қазақ тарапы Әзербайжан мен Армения СІМ басшыларының кездесуін ұйымдастыруды ұсынды деп Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев хабарлады.

Әзербайжан басшысы Баку бұған келісетінін және армян тарапының жауабын күтетінін атап өтті.

«Қазақстан бізге Әзербайжан мен Арменияның Сыртқы істер министрлерінің кездесуін өткізу туралы ұсыныс білдірді. Біз бұған келісіп, егер Армения да келісімін берсе, онда кездесу Қазақстанда өтеді деп келістік», - деді Әлиев Бакуда өткен халықаралық конференцияда.