Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі екі ел кәсіпкерлерінің нетворкинг кездесуін өткізді

Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі екі ел кәсіпкерлерінің нетворкинг кездесуін өткізді

Афина, 2024 жылғы 22 наурыз – Афинада Қазақстан Республикасы Грекиядағы Елшілігінің қолдауымен құрылыс, мейрамхана, қонақжайлық индустриясы, электрондық коммерция мен жарнама сияқты салаларда жұмыс жасайтын қазақстандық және грек іскер топтарының кездесуі өтті.

Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі ұйымдастырған өзара байланыс орнатуға арналған іс-шара екі ел бизнесмендерінің делегациясы екіжақты бизнес-өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға және ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға мүмкіндік берді.

Іскерлік кеңес қазақстандықтарды Грекиядағы кәсіпкерлікті дамыту тәжірибесімен таныстырып, грек кәсіпкерлеріне қазақстандық өңірлердегі инвестициялық әлеует пен кооперация мүмкіндіктерінің презентациясын жасады.

Қазақстан-Грек Іскерлік кеңесінің Тең төрағасы Томас Ламнидис Қазақстан мен Грекия арасындағы әріптестік қатынастарды кеңейту үшін шағын және орта бизнес саласындағы ынтымақтастықтың зор әлеуетін атап өтті.

Екі елдің өзара бизнес-қызығушылық өсу үрдісін ескере отырып, кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық және грек компаниялары арасында тікелей өзара іс-қимылды орнатуға мүмкіндік беретін интеграцияланған бизнес-жобаларды жасау мүмкіндіктерін қарастыруға келісті.

Қазақстан-Грекия Іскерлік кеңесі - бұл Қазақстан мен Грекия арасындағы сауда және инвестициялық қатынастарды ілгерілетуге бағытталған екіжақты платформа.