Құрметті үміткерлер!

Құрметті үміткерлер!

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне түсуге арналған өтініштерді қабылдау 2023 жылғы 5 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғаларды еліміздің жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне оқуға шақырады.

Гранттардың саны мен түрлері:
• Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлты үшін - 1300
• тілдік курстар үшін (шетел азаматтарына) - 50
• Түркия Республикасының және басқа түркітілдес республикалардың азаматтары үшін – 200

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 5 қыркүйегіне дейін

Қажетті құжаттар:
• еркін түрде жазылған, гранттың санатын көрсетілген қабылдау туралы өтініш;
• жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• жалпы орта (орта жалпы), бастапқы кәсіптік (техникалық және кәсіптік), орта кәсіптік (ортадан кейінгі) білім туралы құжаттың түпнұсқасы мен оған қосымшаның көшірмесі (қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде);
• электрондық форматтағы медициналық анықтама (бар болған жағдайда).

Барлық сұрақтар бойынша: +77172 28 75 26, +77478272237, admission@n-k.kz

https://enic-kazakhstan.edu.kz/priem-dokumentov-na-podgotovitelnye-otdeleniya-vuzov/podacha-dokumentov-11