Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің назарына!

Шетелдік жоғары оқу орындарында білім алып жатқан қазақстандық студенттердің назарына!

Қазақстан Республикасының «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңының 26-бабы 1-тармағының 13-тармақшасына сәйкес, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар (студенттер) үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) жарналарды мемлекет жүзеге асырады.

Студент мәртебесін өзектендіру үшін egov.kz электронды үкімет порталында шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерді тіркеу қызметі жұмыс істейді.

МӘМС жүйесінде медициналық көмек алу құқығына ие болу үшін студентке egov.kz электронды үкімет порталында «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» бөлімінде растайтын құжатты (оқу орнынан анықтама) бекіте отырып, өтініш беруі қажет.

 

Тіркеу бойынша нұсқаулық:

Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттертұрақты сақтандыру мәртебесін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында қалай ала алады?

1-қадам. Электрондық үкіметтіңegov.kzсайтына өтіп, жүйеге тіркеліңіз;

2-қадам. «Қызметтер» бөлімінен «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» тармағын таңдаңыз;

3-қадам. Өтінішті толтырып, оған электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе SMS құпия сөзімен қол қойыңыз;

4-қадам. Өтінім өңдегеннен кейін жеке кабинетіңізге хабарлама жіберіледі.

 

* тиісті орган деректерді тексеріп, студент мәртебесін жаңартқаннан кейін Сіз сессия аяқталғанға дейін сақтандырыласыз. Әр сессиядан кейін студент қайтадан egov.kz электрондық үкімет порталында тіркелуі керек.