Анталия курорттық аймағында, Кемер қаласының Гейнюк ауданында ауа райының аномалды ыстық болуына байланысты, 2023 жылғы 24 шілдеде сағ: 21:00 шамасында орман алқабы өртенді.

Анталия курорттық аймағында, Кемер қаласының Гейнюк ауданында ауа райының аномалды ыстық болуына байланысты, 2023 жылғы 24 шілдеде сағ: 21:00 шамасында орман алқабы өртенді.

Анталия курорттық аймағында, Кемер қаласының Гейнюк ауданында ауа райының аномалды ыстық болуына байланысты, 2023 жылғы 24 шілдеде сағ: 21:00 шамасында орман алқабы өртенді. Алдын ала алынған ақпарат бойынша, өрт 120 гектарға жуық аумақты алды. Өрттің тез таралуына қатты жел және ауа райы себеп болды.

Жергілікті құтқару қызметтері қажетті құралдар мен персоналды тарта отырып, сөндіру үшін тиісті шаралар қабылдауда. Өртпен тиімді күресу үшін 73 өрт сөндіру және құтқару машиналары, 200-ден астам құтқарушы жұмылдырылды. Сөндіруге 22 тікұшақ пен 10 ұшақ қатысуда.

Қазіргі таңда, биліктің мәліметінше, қонақүйлер мен туризм нысандары орналасқан жерлерге өрт қауіпі жоқ.

Бас консулдық жағдайды мұқият қадағалап, жергілікті билік органдарымен, туроператорлармен және өрт аймағында орналасқан қонақүйлермен байланыста.

Ағымдағы жағдайға байланысты біз азаматтарға өте мұқият болуды, қоршаған орта мен жаңалықтарды, табиғи апаттар кезінде, мүмкін болса, қонақүй аумағынан шықпауды және таулы және орманды жерлерде жеке серуендеуден бас тартуды ұсынамыз.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда жергілікті билік пен қонақүй әкімшілігінің нұсқауларын қатаң сақтауды ұсынамыз, шұғыл байланыс және штаттан тыс жағдайлар туралы хабарлау үшін консулдық, туроператор және сақтандыру компаниясымен міндетті түрде байланыста болыңыз.