Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Қазақстандағы танымал суретші Серік Ермековтың «Заман керуені» атты сурет көрмесі өтілді

Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Қазақстандағы танымал суретші Серік Ермековтың  «Заман керуені» атты сурет көрмесі өтілді

Анталия, 2023 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының Анталиядағы Бас консулдығының колдауымен, Түркия Республикасының 100 жылдығына орай, Қазақстандағы танымал суретші Серік Ермековтың  «Заман керуені» атты сурет көрмесі өтті.

Көркем экспозицияның ашылуына Анталия қаласы мен Мұратпаша ауданы муниципалитетінің басшылығы, Анталия қаласы Мәдениет және туризм басқармасының басшысы, шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері, сондай-ақ отандастар мен қала қонақтары қатысты.

24 шілде - 7 тамыз аралығында өтетін көрмеде пейзаж, натюрморт, тарихи жанрлардағы 52 жұмыс ұсынылды, онда Қазақстанның көркем табиғаты, қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысы бейнеленген.