Қазақстан СІМ басшысы ИДБ президентімен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы ИДБ президентімен кездесті

Джидда, 2024 жылғы 4 наурыз – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің төтенше сессиясына қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапары шеңберінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сулейман әл-Джассермен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстанның Ислам даму банкі арасындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Банк пен оның институттарының қатысуымен елімізде іске асырылып жатқан бірқатар әлеуметтік-экономикалық жобалардың орындалу барысын талқылады.

М. Нұртілеу Қазақстанның экономикалық әлеуеті туралы хабардар етіп, біздің ел ИДБ-мен ынтымақтастыққа маңызды мән беретінін атап өтті. Банк тобы Қазақстан Республикасында құны 1,6 млрд АҚШ долларынан асатын 70-ке жуық жобаны жүзеге асырғаны ерекше аталып өтті.

Өз кезегінде ИДБ-нің президенті Қазақстанмен одан әрі табысты ынтымақтастыққа және Банктің Қазақстан экономикасын дамытуға бағытталған жобаларға қатысуына үміт білдірді.