Бішкек қаласында (Қырғызстан) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттері Мәдениет министрлерінің 16-отырысы өтті

 Бішкек қаласында (Қырғызстан) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттері Мәдениет министрлерінің 16-отырысы өтті

2019 жылғы 15 мамырда Бішкек қаласында (Қырғызстан) Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттері Мәдениет министрлерінің 16-отырысы өтті. Аталған іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі А. Райымқұлова қатысты. Отырыс барысында Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы ынтымақтастықтың аралық қорытындылары және келешек жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар қырғыз тарапымен 2021 жылдан бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттерінде «Silk Road Fest» Халықаралық этнофестивалін өткізу туралы ұсыныс жасалды. Аталған фестивальді қырғыз тарапымен жыл сайын ұйымдастырылатын Көшпенділер ойынына ұқсас форматта өткізу ұсынылуда.

Отырыс қорытындысы бойынша Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттері мәдениет министрлерінің 16-отырысының хаттамасы қабылданды. Хаттамаға сәйкес тараптар ұйым аясындағы көпжақты ынтымақтастықты жандандыруға, мәдени мұра аясындағы ынтымақтастықты дамытуға және Шанхай ынтымақтастық ұйымына бақылаушы және әріптес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге келісті.