Онлайн-курс аяқталғаны туралы

Онлайн-курс аяқталғаны туралы

Астанадағы Нидерланды Корольдігінің Елшілігі мен Лейден заң мектебінің профессоры Пинар Ольчер ханымның қолдауымен Активтерді қайтару жөніндегі комитет қызметкерлері үшін өткізілген онлайн курс аяқталды.

Профессор Ольчер, Индонезияның прокуроры     (chief prosecutor) Юсфидли Адхьяксан мырза, Павия университетінің (Италия) докторы Адриано Мартуфи мырза, Португалияның бұрынғы судьясы және Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың профессоры Паулу Пинто де Албукерки мырза лектор ретінде сөз сөйледі.

Спикерлер адам құқықтары саласындағы мәселелерді қамтып, активтерді қайтару тәжірибесімен бөлісті.

Соңғы күні оған Нидерланды Корольдігінің Елшісі  Жоғары Мәртебелі Нико Схермерс пен Индонезия Республикасының Елшісі Жоғары Мәртебелі Мохамад Фаджрул Рахман   (онлайн режимде) қатысты.

Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің төрағасы Нұрдәулет Сүйіндіков тренингті ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, іс-шараның ведомство үшін маңыздылығын атап өтті.

 

 Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті