Комитет делегациясының жыл сайынғы ARIN-WCA отырысына қатысуы туралы

Комитет делегациясының жыл сайынғы ARIN-WCA отырысына қатысуы туралы

Вена қаласына сапар аясында Активтерді қайтару жөніндегі комитеттің делегациясы ARIN-WCA (Батыс және Орталық Азия елдерінің активтерін қайтару желісі) "Активтерді қайтару – тиісті тергеулер және активтерді қайтару жөніндегі кеңселердің қызметі" тақырыбындағы жыл сайынғы жалпы отырысына қатысты.

Қазақстандық делегация Комитеттің «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңды жүзеге асыруға бағытталған жұмысы туралы баяндама жасап, келіссөздерге қатысты.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан тәжірибесіне қызығушылық танытып, Еуропалық Одақ елдерінде де пайда болуы түсініксіз активтерді тәркілеу ережелері енгізілетінін атап өтті.

«CARIN» Еуропалық активтерді қайтару желісінің басшысымен, Бельгия, Нидерланды, Гернси, Пәкістанның активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті ведомстволарының өкілдерімен және іс-шараның басқа да қатысушыларымен тікелей ынтымақтастық орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Бұл сапар Комитеттің активтерді қайтару шараларын күшейтуге қатысты халықаралық диалогқа қатысуға мүдделілігін атап өтті, сондай-ақ шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін растады.

 

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті