БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы өкілдерімен кездесу туралы

БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы өкілдерімен кездесу туралы

А.ж. 11 сәуірінде Активтерді қайтару жөніндегі комитет делегациясының Вена қаласына сапары аясында БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕҚБ) өкілдерімен бірқатар кездесулері өтті.

БҰҰ ЕҚБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдарының жаhандық жедел желісінің (GlobE) үйлестірушісі Розица Захариева ханыммен кездесу барысында Комитеттің Желінің жаңа мүшесі ретінде GlobE Хатшылығымен одан әрі өзара әрекеттесуіне қатысты мәселелер талқыланды.

GlobE желісіне қосылуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіре отырып, Комитет төрағасы Н.Сүйіндіков Желі алаңында бірлескен іс-шаралар өткізу туралы, оның ішінде мүше елдердің және активтерді қайтару саласындағы аймақтық форумдардың тиімді тәжірибесі туралы GlobE-дің оқыту тренингтері мен сессияларын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыру туралы ұсыныс білдірді.

Өз кезегінде Р. Захариева ханым Комитеттің әлемдегі 113 юрисдикцияның құқық қорғау органдарымен тығыз өзара әрекеттесуіндегі және Желінің алдағы уақыттағы пленарлық отырыстары аясында түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері арасында жедел кездесулер ұйымдастырудағы GlobE-дің маңызды рөлін атап өтті.

Осы сапар барысында сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ Секциясының аға кеңесшісі Тим Стил мырзамен және активтерді қайтару жөніндегі жұмыс тобының үйлестірушісі Софи Майнгаст ханыммен екіжақты кездесу өтті.

Тараптар БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына (БҰҰСЖҚК) қатысушы мемлекеттер Конференциясының қосалқы органдарындағы ынтымақтастықтың Комитет үшін өзекті бағыттары мен перспективаларын талқылады.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттары Комитетке StAR Бастамасының процестерінде техникалық көмек көрсету және БҰҰ ЕҚБ-нің активтерді қайтару жөніндегі жұмыс тобының алдағы уақыттағы сарапшылық кездесулеріне ведомствоның белсенді қатысуын қамтиды.

Комитеттің қызметіне ерекше қызығушылық таныта отырып, Секция Өкілдері Қазақстанның активтерді қайтару саласындағы БҰҰСЖҚК-ға қатысушы мемлекеттер Конференциясының жұмысына қатысуын жандандыруға үміт білдірді.

 

 Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының

Активтерді қайтару жөніндегі комитеті