Елде қоғамдық қабылдаулар өтті

Елде қоғамдық қабылдаулар өтті

Бүгін, 2024 жылғы 5 наурызда бүкіл ел бойынша ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен оның аумақтық департаменттері ұйымдастырған ТКШ қызметтерінің тұтынушылары үшін кезекті қоғамдық қабылдаулар өтті.

Қоғамдық қабылдаулар дәстүрлі түрде Facebook арқылы онлайн режимінде трансляцияланды, онда әркім қойылған сұраққа жедел жауап ала алады.

Қоғамдық қабылдау ведомствоның төрағасының орынбасары Нұрлан Болатбаевтың төрағалығымен және салалық басқармалар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Салалық басқармалардың мамандары су, жылу, жарық және газ тарифтерінің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Атап айтқанда, төрт деңгейлі су тарифін енгізу арқылы су ресурстарын тұтыну мәдениетінің тақырыбы қозғалды, соның нәтижесінде алынған пайда су құрылыстарын жаңғыртуға кетеді.

Тұтынушыларға бүгінгі таңда аумақтық департаменттерімен жылу тарифтерінің өзгеруіне қанша өтінім қаралатынын, сондай-ақ жылу бағасының өзгеруіне қандай факторлар әсер ететінін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, осындай қабылдаулар ай сайын әр айдың бірінші сейсенбісінде өткізіледі.