Елордада электр энергиясы үшін негізсіз есептеу фактілері анықталды

Елордада электр энергиясы үшін негізсіз есептеу фактілері анықталды

Бұған дейін елорда тұрғындары қаңтар айы үшін ақпандағы түбіртектерде көрсетілген электр энергиясының қымбаттаған төлеміне шағымданған болатын.

Елорда тұрғындарының келіп түскен өтініштері негізінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (ТМРКД) «Астанаэнергосбыт» ЖШС және «Астана-АЭК» АҚ-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар туралы заңнамасының талаптарын бұзу анықталды.

Осылайша, «Астана-АЭК» АҚ бойынша тұтынылған электр энергиясы үшін көрсеткіштерді уақтылы алмау бөлігінде бұзушылық анықталды, ал «Астанаэнергосбыт» ЖШС бойынша электрмен жабдықтауға арналған үлгілік шарттың талаптарын сақтамау бөлігінде бұзушылық анықталды.

Табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін және «Астана-АЭК» АҚ мен «Астанаэнергосбыт» ЖШС-на қатысты баға белгілеу тәртібін сақтамағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды.

Сонымен бірге, ТМРКД субъектілерге негізсіз алынған табысты қайтару және есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін уақтылы алу бөлігінде бұзушылықты жою туралы нұсқамалар енгізді.

Бұған дейін, 2022 және 2023 жылдары осыған ұқсас жағдайларда тұтынылған электр энергиясы үшін негізсіз есептеулер және тәртіпке қатысты бөлігінде тұтынушылардың құқықтарын бұзу фактілері анықталып, нәтижесінде ТМРКД әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалғанын естеріңізге сала кетейік.

            Кейіннен «Астанаэнергосбыт» ЖШС жүргізілген тексерулер бойынша ТМРКД-ның іс-әрекетіне сотқа талап-арыз берді. Сот талқылауларының қорытындысы бойынша Департаменттің шешімдері заңды деп  танылды.

Сонымен қатар, тұтынушылар тұтынылған электр энергиясын есептеу және есептеу аспаптары көрсеткіштерінің дұрыстығына назар аударуы қажет және қажет болған жағдайда мән-жайларды анықтау үшін «Астанаэнергосбыт» ЖШС немесе «Астана-АЭК» АҚ-ға жүгінуі қажет.

- монополист сайты www. etolem.kz;

- 576-580 телефон нөмірі бойынша Call-center;

- telegram-bot astrekbot.

Субъектілер тұтынушылардың құқықтарын бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне, Петров көшесі, 5-үй мекенжайына немесе «е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы арқылы жүгінуді сұраймыз.